Таяуда жоғарыда айтылған алаңқайға биіктігі төрт метр, ал ұзындығы жеті метр болатын сәкі орнатылды. Темір мен ағаштан қиюластырып жасалған сәкіге саты арқылы ғана өрмелеп шығуға болады.
Қала әкімі Ержан Темірханов жергілікті жастардың әкімдікке бос уақытын өткізу және селфи жасау үшін креативті орын ұйымдастыруды өтініп, бірнеше рет өтініш түсіргенін айтады.
– Жастар бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, тіпті кейбірі өз идеяларын әлеуметтік желілерде ұсынды. Біз олардың ұсыныс-тілектерін қабыл алып, саябаққа ерекше сәкі орнаттық. Тұрғындар бұл мүлікке ұқыпты қарайды деген үміттеміз, – дейді ол.
Бүгінде саябақтағы жастарға арналған алаңқайдың маңайы көгалдандырылып, айнала ағаштар егілген.
Жастар үшін жасалған бұл игіліктер бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асыпты. Ұйымдастырушылар саябақтағы бұл алаңқайдың гитарада ойнап, ән айтатын жастардың сүйікті орнына айналарына сенімді.