Футбол • 21 Қазан, 2021

Қазақстан ұлттық құрамасы Тәжікстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ФИФА жолдастық матчтар күнтізбесі бойынша Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізетін болды. Қос федерация келіссөздер жүргізіп, екеуара матч ұйымдастыруға ымыраласты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Қазақстан ұлттық құрамасы Тәжікстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді

Ойын 16 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матчтың басталуы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 19:00-ге белгіленген.

Тәжікстан құрамасы ФИФА рейтингінде 118 орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, осы ойынға дейін ұлттық құрамамыз 13 қараша күні Әлем чемпионатының іріктеу сыны аясында Франция командасына қарсы ресми матч ойнайды.