Қоғам • 21 Қазан, 2021

Санаққа байланысты жалған ақпарат тарады

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік желіде тараған скриншотқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Санаққа байланысты жалған ақпарат тарады

«Әлеуметтік желілерде адамдардан басқа азаматтар үшін санақ сауалнамасын толтыруды сұрайтыны туралы ақпарат тарап жатыр. Ұлттық статистика бюросы тарапынан мұндай талап қойылмағанын ресми түрде мәлімдейміз» дейді ұлттық бюроның баспасөз қызметі.

Мұндай фактілер анықталған жағдайда sanaq.gov.kz сайтында көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласу керек. Азаматтардың жеке деректерінің құпиялылығына заңмен кепілдік беріледі.

«Ел азаматтарының көптеген өтініштері бойынша бюро тарапынан онлайн санақты қайта қосу туралы шешім қабылданды. Ол халық санағының соңына дейін қолжетімді болады. Еліміздің барлық тұрғындарын маңызды іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз» делінген бюро таратқан мәліметте.