Қазақстан • 21 Қазан, 2021

Ұлттық жоба аясында 2025 жылға дейін 1241 мәдени нысан жөнделеді

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық жоба аясында 2025 жылға дейін 1241 мәдени нысан жөнделеді

«Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, алдағы 5 жылда 259 мәдени нысанның құрылысы жүргізіледі. Биыл республика бойынша 89 нысанның құрылысы аяқталуы тиіс. Бұл ретте 2025 жылға дейін 1241 нысан жөнделетін болады. Биыл 250 астам мәдени нысан жөнделуде», деді вице-министр. 

Сонымен қатар, қазақстандықтар мен шетелдік туристер арасында танымал ету мақсатында  республикалық музей-қорықтар аумағында 8 визит-орталық салынатын болады. Сондай-ақ, «Зағип және көзі нашар көретіндерге арналған кітапханалар қорын ұлғайту» іс-шарасы қолға алынған.