Қазақ прозасы үшін Сайын Мұратбековтің алар орны ерекше. Соғыстан кейінгі ауыл өмірін мөлдірете жазған қаламгердің әр шығармасы оқырман жадынан әлі өшкен жоқ, керісінше, сәт сайын оқылып келеді. Әдебиеттің жүгін жауапкершілікпен атқара білген арда жазушы ешкімге ұқсамайтын стилімен ұлт прозасындағы орнын биіктетіп, өзіндік мектеп қалыптастырып кетті. Бүгін жазушының туған күнінде көзкөрген қаламдастары мен шығармашылығын зерттеген әдебиетшілердің пікірлерін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

«Бізде шағын жанр – әңгімені жаңа форма, тың тақырыппен байыта отырып, оны жоғары деңгейге көтерудің ізгі нышандары байқалуда. Оған жас жазушы Сайын Мұратбековтің «Менің қарындасым» әңгімесін мысалға келтіруге болады. Оймақтай нәрседен ой түйіндеуге тырысқан бұл шығармада мөлдірлік, табиғилық, сыршыл лиризм мен адам жанына барлау жасаған психологизм ұшқындары бар».
Тахауи Ахтанов
* * *
«Табиғаты әсем өлкеде туған суреткер көзін аша сала көрген әлемді сөзбен тіркеуге тырысты. Миуалы дүниенің мәуесін мәпелеп тірлік кешкен бағбан ортаның биязы да бипаз құлығын сол қалпында сөзбен жеткізуге ұмтылды. Шалғынның сусылы мен бұлақтың сылдырын тыңдап өскен нәзік сезім тіршілікті пәк қалпында түйсініп, түсініп, өзгелерді де сұлулыққа еліктіре біледі. Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ сөз өнері жәрмеңкесінің бір төрінде – Жетісу бағынан жаңа үзіп әкелген бір себет миуадай жұпар аңқып бір үйір кітаптар тұрар. Ол – Сайын Мұратбековтің әңгімелері мен хикаяттары. Дер кезінде жұлынған жемістердей шырыны да сүйкімін таныта алатындай сындарлы туыңдылар».
Әбіш Кекілбаев
* * *
«Зергер сөздің шебері жазушы Сайын Мұратбеков, өмірдің болмысын шынайы бейнелейтін таңғы шықтай мөлдір шығармалары арқылы оқырмандардың жан жүрегін баурап, ықылас-құрметіне бөленген сирек дарын иесі. Сайын біздің – ұлттық құндылығымыз оның шығармасының ғұмыры ұзақ. Бүгін болмаса ертең, ұлтына қарамай-ақ өз оқырманымен ажырамастай табысатыны кәміл».
Шерхан Мұртаза
* * *
«Сайын Мұратбеков шығармашылығындағы шынайылығы, өмірсүйгіштік қуаты арқылы бұл көркемдік тенденцияның қоғам тынысын әсіресе, жарқын тұстарынан барынша жан-жақты бейнелеу талаптарын жүзеге асырудағы елеулі үлесіне күмән тудырмайды. Ол роман жазған жоқ. Оның романы – әңгімелері. Ал әңгімелері мәңгілік даңқтың иелігіне шақыру алған. Қаламгер бақыты сондай-ақ болсын...»
Бақытжан Майтанов
* * *
«Жалпы, қазақ әдебиетінде шағын жанр, әңгіме жанрын шыңға шығарған сөзсіз дүлдүл Бейімбет Майлин еді. Оның жолын қумаған, ықпалына түспеген жан прозада кемде-кем. Бәрімізді Бейімбеттің шекпенінен шықтық деп айтуға болады. Сол Би-ағаңның жолын қуған, шағын жанрға бүкіл өмірін арнаған жалғыз жазушы болса, ол Сайын Мұратбеков еді. ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әңгімесін жаңа белеске көтерген осы қаламгер десем қателеспеймін. Мен Сайынды мақтағым келмейді. Кез келген көзі ашық оқырман оның прозасына көз жүгіртсе, оның ірі талант, жазғандары шетінен дүр дүние екеніне көз жеткізер еді».
Смағұл Елубаев
* * *
«Оның суреткерлік жаны қандай таза әрі қайталап айтайын, қайыңның безіндей қатаң болса, фәнидегі тіршілік аясы да сондай ашық, бойына кір жұқтырмайтын мұнтаздай кіршіксіз және артық пысықтықты басынан асырмайтын тура мінезді кірпияз еді. Кішіпейілдене қалғанда – даналығы қайсы, балалығы қайсы, кірпияздана қалғанда – әкімдігі қайсы, ағалығы қайсы екені аңғарылмай, аң-таң қалдыратын. Өзі балалықтың қызығына мейірі қанбай жетілгендіктен шығар, балаларды бар қуанышымен бауырына тартатын да, көз қиығын тез қадап жіберіп, болмысын жазбай танитын. Танитын да бір сөзбен қабақ танытатын. Сол түйгеніне орай еркелететін, не сырттатып жіберетін. Сырт түсінен бауырмалдығы байқалмаса да, ішін жылытып қарағанын көзінен аңғару қиын да емес болатын. Керісінше, баланың аты – бала емес пе, артық-кемін жасыруға әлі түйсінбеген шикіөкпенің басынан сипай салатын жерде, байқамағансып теріс қарап кеткен кезін де шалып қалдым. Шалқалағанға – шалқақ, асқақтағанға – асқақ қарайтын қайыңның безіндей қатаң (қатал емес) Сайын, керісінше: жасқаншақ – батыл, жасыған – өжет, жаралы – дауалы, қайғырған – қайсар болса екен деп тілейтін және ол адамды бұрын танысын-танымасын, аралассын-араласпасын, оған қарамай сол адамның мұқтаждығымен бірге өзі де еріп кететін, өзгенің де сол адамға демеу болғанын қалайтын».
Тұрсын Жұртбай
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар