Аймақтар • 25 Қазан, 2021

Діни экстремизммен күрес кешенді жүргізілуі керек

400 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла­маны жүзеге асыруға жастар да атсалысып жүр. Атап айтқанда, Жамбыл облысы әкімдігі мен «Тиек» жастарды дамыту орта­лығы аталған облыста экстремизм және терроризмнiң алдын алу мақсатында семинар-тренингтер өткізді.

Діни экстремизммен күрес кешенді жүргізілуі керек

Орнықты дiни ахуал қа­лып­тастыру үшін түзету мекеме­ле­рінде экстремизм мен терроризмге қарсы күрес кешенді түрде жүр­гізілді десе болады. Семинар-тре­нингтерде дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алу ісіне тео­логтер, ресми дін өкілдері, психологтер, үкiметтiк емес ұйым­­­дар жұмылдырыл­ды. Түзету меке­мелерінде атал­ған қылмыс тү­ріне қатысты бас бостандығынан ­айы­рылған адамдарға Қылмыс­тық атқару жүйесі комитеті­нің лек­торлары­мен бірге Нұр-мү­бәрак Мысыр Ислам мәдениеті уни­вер­ситетінен К.Смағұлов, Н.Стам­­бакиев, Д.Мейірбеков сияқ­­ты дәріскерлер ақпараттық-тү­­сiн­­дiрме жұмыстарын жүргізді. Қазақ­станның тарихы мен мәде­ниеті, саясаттану және дінтану бойынша жалпы білім беретін дә­рicтер оқылды.
Кешенді жұмыс барысында Республикалық ақпараттық-түсiндiру тобының сарапшы-пси­хологі, психология кафед­ра­сы­ның аға оқытушысы Л.Ша­ки­мова интерактивті тақта ар­қылы радикалды көзқарастағы адамдар санасына әсер ететін коммуникатив­тiк технологиялар­ды қолданды. Теологиялық ақпараттық-түсiндiру шара­ла­ры аудио-бейнемате­риал­да­ры қолжетімді, арнайы жаб­дықталған кабинетте өтті. Онда психотерапевтік немесе пси­хо­коррекциялық әсер ету көз­дел­ді. Қылмыстық-атқару жүйесі ме­кемелеріндегі сотталған адам­дар­­мен теологиялық оңалту жұ­мыс­тарын ұйымдастыру жөнін­дегі қағидалар негізге алынды. Дiни экстремизм мен терроризм идеологияларын, деструктивті ағымдарды ұстанушы соттал­ған­дарға арналған мұндай ке­шен­ді теологиялық оңалту жұмыс­та­рының маңызы өте зор. Олардың өмір­лік ұстанымын өзгертуге ба­ғытталған психологиялық тренинг қылмыстық атқару жүйесі меке­мелерiнде теріс идеялар тара­уының алдын алады.

 

Анжела ИНЖИГОЛЯН,
әлеуметтану ғылымдарының кандидаты