Қоғам • 26 Қазан, 2021

Жыл соңына дейін миллионнан астам адам жұмыспен қамтылады

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов 1 млн-нан астам адам жұмыспен қамтылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл соңына дейін миллионнан астам адам жұмыспен қамтылады

«Биыл 1,2 млн адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланған, оның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 700 мың адам, жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 2 мың адам, мемлекеттік бағдарламалар аясында тағы 440 мың жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған. Қазіргі уақытта үш бағыт бойынша қолдау шараларымен 1 млн-ға жуық адам қамтылды», деді Серік Шапкенов Үкімет отырысында.

Бұған дейін министр елдегі жұмыссыздық деңгейінің төмендегенін мәлімдеді.

«Пандемия басталғаннан бері жұмыспен қамтылғандар саны 12,2%-дан 7,4%-ға дейін азайды. Ең бастысы, жұмыссыздық деңгейі 4,9% көлемінде сақталды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендеп, 3,7%-ды құрады», деп хабарлады Еңбек министрлігінің басшысы.