Оқиға • 26 Қазан, 2021

Ақтөбеде жалған хабарлама таратқан азамат түрмеге қамалуы мүмкін

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында ПБ ЖБО «102» телефонына ер адам қоңырау шалып, «Троя» дәмханасына бомба қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде жалған хабарлама таратқан азамат түрмеге қамалуы мүмкін

Шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына жетіп, дәмханада жарылғыш құрылғыларға тексеру ұйымдастырды. Дәмханаға келген 87 адам мен қызметкерлер эвакуацияланды. Жарылғыш құрылғы табылған жоқ.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасады деген күдікпен патрульдік полиция қызметкерлері Қобда ауданының 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол  қалжыңдап айтқанын түсіндірді. Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды», делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, аталмыш баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.