Кәсіпқой бокс • 26 Қазан, 2021

Ербосынұлын ауыр сынақ күтіп тұр

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлын ауыр сынақ күтіп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ербосынұлын ауыр сынақ күтіп тұр

Шаршы алаңда 15 кездесу өткізіп, қарсыластарының барлығынан айласын асырған қазақстандық былғары қолғап шебері Айдос Ербосынұлы келесі жылы әлемнің экс-чемпионы, ресейлік Федор Чудиновпен қолғап түйістіруі ықтимал. Кәсіпқой рингте шын мықтылармен жұдырықтасып көрмеген Айдос үшін Федор Чудинов оңай қарсылас болмайтыны анық.

Экс әлем чемпионын Айдостың бұрынғы қарсыластарымен салыстыратын болсақ, кәдімгідей өзге ғаламшарлық деуге де болады. Өйткені ол әлі де мықты боксшы. Тәжірибесі де жеткілікті. Егер бұл ақпарат ресми расталса, Чудинов қазақ саңлағы үшін жаңа деңгейдегі қарсылас болатыны түсінікті.

«Түн қасқыры» деген лақап аты бар Чудинов екінші орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын екі жыл бойы сақтаған. «Мен артық сөз айтпаймын. Рингте мен үшін жұдырықтарым сөйлейді» деген ұстанымдағы оның қорғанысы да мығым, америкалық стилде жақсы жұдырықтасады.

Егер отандасымыз Чудиновпен кездесетін болса, мықтап дайындалуы керек. Чудинов – Ербосынұлының қай деңгейдегі боксшы екенін анықтап бере алады. Шаршы алаңда жолдары түйісіп, жеңіске жетсе, Айдос өз салмағының мықтыларымен жұдырықтасуға дайын деген сөз.