Оқиға Алатау ауданына қарасты Ақкент шағынауданында болған. Құрдасына пышақ сұғып алған оқушы қамауға алынды.
«Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркегенін хабарлайды. Анықталғандай, жасөспірімдер арасында жанжал шығып, салдарынан біреуі пышақ жарақатын алған. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда», деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.