Аймақтар • 28 Қазан, 2021

Алматы тұрғындары сусыз қалды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Нұр-Мүбарак» ислам орталығының аумағындағы магистральды су құбыры зақымдалды. Жарылған құбырды «Алматы су» бригадасы қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы тұрғындары сусыз қалды

«Нұр-Мүбарак» ислам орталығының аумағынан өтетін диаметрі 800 мм су құбырын жеке құрылысшылар жер жұмыстарын жүргізу кезінде зақымдады. Алайда, бұл жұмыстарды атқаруға «Алматы су» МКК-дан келісім алынбаған.

«Қазір мамандар құбырды қалпына келтіріп жатыр. Сол себепті, Сейфуллин – әл-Фараби – Сәтбаев – Ходжанов көшелерінің бойында орналасқан үйлер мен ғимараттарға суық су беру уақытша шектелді», деп хабарлады «Алматы су» МКК баспасөз қызметі.

Компания мәліметінше, жөндеу жұмыстары кешке дейін жалғасады. Суық су сағат 18:00-де қайта беріледі.