Футбол • 29 Қазан, 2021

«Астана» құрамын күшейте алмайтын болды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бірнеше дүркін чемпионы «Астана» футбол клубына ресми түрде трансфер жасауға тыйым салынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана» құрамын күшейте алмайтын болды

Бұл туралы ақпарат Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында тарады. Қысқасы, елордалық ұжым қиын жағдайға тап болды.

Иә, ФИФА ұйымының дауларды қарастыру, шешу палатасы осындай ұйғарымға келген. «Астана» футбол клубына айыппұл салынған. Елордалық ұжым румыниялық Дорин Ротариудың алдындағы міндеттерін орындамағаны үшін айыпты болып отыр. Соған байланысты Қазақстан футбол федерациясы «Астана» командасының алдағы 3 трансферлік терезе кезінде жаңа ойыншыларды құрамына қосуына тыйым салды.