2021 жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес ұйымдастырылған жарысқа 7 облыс Ақмола, Алматы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары пен Нұр-Сұлтан қаласынан келген 222 спортшы қатысты.
Төрт күнге созылған турнир қорытындысы бойынша Қарағанды облысының командасы 7 алтын, 6 қола медаль жеңіп алып, бірінші орын алды.
Нұр-Сұлтан қаласының жас былғары қолғап шеберлері 2 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдемен екінші, Павлодар облысының командасы 2 алтын, 2 қола медальмен үшінші сатыға жайғасты.
Ал Алматы облысы (бір алтын, 6 күміс, 5 қола) төртінші, Ақмола облысы (1 алтын, 3 күміс, 6 қола) бесінші, ШҚО (бір алтын, екі күміс, үш қола) алтыншы, Қостанай командасы (бір күміс) жетінші, СҚО (екі қола) сегізінші орыннан көрінді.