Аймақтар • 29 Қазан, 2021

СҚО-да басқарма басшысы қамауға алынды

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да басқарма басшысы қамауға алынды

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Жарқын Ғалымов осы фактіге қатысты ресми жауап беріп, Қызылжар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Мереке Ағажановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады. Мемлекеттік қызметші айтарлықтай сомада пара алды деген күдікке ілінген.

«Петропавл қалалық мамандандырылған тергеу соты күдікті М.Ағажановқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жауабында.