Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 31 қазан кешімен салыстырғанда 0,61 тиынға өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 427, 76 теңге болды. Ұлттық банктің 1 қарашадағы ресми бағамы -1 доллар үшін 427,11 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 427,43 теңгеден сатылса, сатып алу – 428, 94 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 427,43 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 428, 56 теңге.