Жылына 5 мың тонна мұнай өнімдерінің айналымы көлемінің бұл деңгейі шағын өңірлік ЖҚС бөлшек сауда желісінің бизнес көлеміне сәйкес келеді, бұл осы нарықтағы ең басым сегмент саналады.
Осылайша, қабылданған шешім мұнай өнімдерінің биржалық саудасына қатысушылардың санын кеңейтуге ықпал ететін болады.
Биржалық комитеттің хаттамасымен және мұнай өнімдерін тауар биржалары арқылы көтерме саудада өткізу жөніндегі ұсынымдардың (секциялық Қағидалардың) соңғы редакциясымен Агенттіктің ресми интернет-ресурсындағы «Биржалық комитет» бөлімінен танысуға болады.