Оқиға • 01 Қараша, 2021

Алматыда жаппай төбелес болды

1554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қолында пышағы бар ер адамдар бөтен көліктерге тап берген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жаппай төбелес болды

«Жастар арасындағы кикілжің пышақтасуға ұласқан. Оқыс оқиға Ақбұлақ ықшам ауданында болған», дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құзырлы ведомстваның мәліметінше, үш жас жігіт көлік үстіне шығып, секірген.

Көлік қожайындары ескерту жасағанда, олар пышақпен қорқытып, төбелес шығарған.

«Бұзақылардың бірін полицейлер ізін суытпай ұстады. Бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған 19 жастағы қылмыскер мас болған. Ол өзінің қайда екенін және не істеп жүргенін түсінбеген. Оқиға орнын қарау кезінде полицейлер үш пышақты тауып, іс материалдарына тіркеді», деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тура осы кезде патрульдік бригадаға тағы бір ықшам ауданда көліктердің үстінде секіріп жүрген бұзақылар туралы хабарлама түскен.

«Жастардың бұл ойын түрінің жай-жапсарын полиция қызметкерлері тергеу барысында жан-жақты сараптайтын болады», дейді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.