Өнер • 02 Қараша, 2021

Жас күйшілер жарқылы

923 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан – Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Сейтек сынды күйшілер өмірге келген өнерлі өлке. Ұлттық музыка өнерінде есімі өшпестей сақталатын бұл есімдердің лайықты ізбасарлары бар ма? Жақында Орал қаласында өткен жас күйшілер сайысы осы сауалға жауап бергендей.

Жас күйшілер жарқылы

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері бас­қармасы қолдап, «Ғасыр» жас­тар қоғамдық бірлестігі ұйым­дастырған жас күйшілер жарысына қатысушылар аз бол­мады. Осының өзі көңілге қуа­ныш ұялатты. Жақында ғана пайдалануға берілген ақшаңқан «Атамекен» өнер ордасында өткен күй бәсекесі Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай­ластырылды. Шара еліміз­дегі күйшілік өнерді өс­келең ұр­паққа, өнерсүйер жұрт­шы­лыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орын­дау­шыларды анықтау, дарынды өнерпаздардың кә­сіби ше­­берліктерін арттыру мақ­са­тында ұйымдастырылған. Байқау барысында жастарға ұлт­­тық құндылықтарды насихаттау мақсатында арнайы ұлтық қолөнер түрлерінен көр­ме ұсынылды.

«Күй – тектілік тереңі!» атты облыстық жас күйшілер са­йысы 2 кезеңнен тұрды. Ірік­теу кезеңінен іркілмей өт­кен ең үздік жас күйшілер фи­нал­дық бәсекеде сынға түсті. Же­ңім­паздар 14-18 және 19-29 жас аралығындағы екі топ бо­йын­ша анықталды.

Сонымен сайыс нәти­же­­сінде 14-18 жас аралығы бо­­­йынша жүлделі I орынды – Нау­­рызбек Күзенбаев, II орынды – Эрнест Қайыржанов, III орын­ды Айзада Қибашова ие­­ленді. Ерекше өнерімен көзге түс­кен Жұлдыз Нариманова мен Мәдина Қа­дырғалиеваға «Кө­­рер­мен көз­айымы» жүл­де­­­лері бұйыр­ды. Ал 19-29 жас аралығы бо­йынша I орын сый­­­лығы Қайрат Бай­құттыға бұ­йырды. Жүлделі ІІ-III орынды Қыдырнияз Егінғали мен Те­мір­­лан Сыралиев өзара бө­­ліс­ті. «Кө­­рермен көзайымы» ата­лы­мына Бекзат Рамазан мен Нұр­ай Үм­­бетова лайық деп таныл­ды. Үздіктерге арнайы дип­­­лом, естелік сыйлық және қар­­­жылай сертификат табыс етілді.

 

Батыс Қазақстан облысы