
Иә, кешкі сессияда қазақ боксшыларынан алғаш болып рингке көтерілген Сәкен Бибосынов колумбиялық Юберхен Мартинеспен қолғап түйістірді. Шаршы алаңда еркін ойқастаған отандасымыз өзінің шын шебер екенін көрсетіп, екінші нөмірмен жұдырықтасып жүріп-ақ жеңіске жетті. Оның жеңімпаз атануына төрешінің бір ұпайын алып тастауы да кедергі келтірген жоқ. Осылайша ұлттық құрама Белград төріндегі төртінші медаліне қол жеткізді. Әлі төрт боксшымыз рингке көтеріледі.