Қоғам • 04 Қараша, 2021

Елімізде жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірленеді

1810 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даму әлеуеті бар моноқалаларға қоныс аударушыларға жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірленеді

«Мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында даму әлеуеті төмен моноқалалардан қоныс аударушыларға арналған жеке бөлім болуы тиіс», деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста.

Ақорданың Twitter-де жариялаған мәліметіне сәйкес, Президент даму әлеуеті бар моноқалаларға қоныс аударушыларға жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірлеу керектігін айтты.

«Отбасы» банкі инструментарийінде мұндай азаматтарға бастапқы жарнасы 10% және сыйақы мөлшерлемесі 2-ден 5%-ға дейін болатын жеңілдетілген ипотека бағдарамасын қарастыруы қажет. Үкімет әкімдіктермен бірге бұл бастаманы жан-жақты пысықтау керек», деді Мемлекет басшысы.