Аймақтар • 04 Қараша, 2021

ШҚО-да биыл 149 көлік өртенді

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 149 көлік өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да биыл 149 көлік өртенді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлім еткендей, өңір бойынша биыл 149 көлік отқа оранған. Өрт салдарынан көлік иелеріне келтірілген материалдық шығын мөлшері – 32 миллион теңгеден асты.

Соңғы өрт 3 қараша күні Жарма ауданында болды.

«Омбы-Майқапшағай» тасжолында келе жатқан 2014 жылғы «Chacman» маркалы жүк көлігі жанып кетті.

«Тілсіз жау қозғалтқыштың жанғыш бөлшектерін, аспаптар панелін, салонның ішкі қаптамасы мен доңғалақтардың алдыңғы қақпақтарын шарпыды. Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл аттанды. Көп ұзамай жалпы ауданы 4 шаршы метрді құраған қызыл жалын толықтай ауыздықталды», деп хабарлады ведомстводан.