Бокс • 05 Қараша, 2021

ӘЧ: Қазақстанға қанша алтын бұйыруы мүмкін?

580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынында бес жүлде бар. Оның біреуі – қола. Енді төрт боксшымыз алтын жүлдеге таласады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ӘЧ: Қазақстанға қанша алтын бұйыруы мүмкін?

Финалдық жекпе-жектегі қазақ боксшыларының қарсыластары анықталды. 48 келі салмақ дәрежесіндегі оғланымыз Теміртас Жүсіпов Тайланд боксшысы Вуттичай Юрачаймен жұдырықтасады. Әлем чемпионатында жасындай жарқыраған тәжірибелі боксшы бұл кездесуде қалайда жеңіске жетуі тиіс.

51 келі салмақтағы Сәкен Бибосынов АҚШ өрені Роско Хиллмен қолғап түйістіреді. Стиль жағынан бір біріне ұқсас боксшылардың жекпе-жегі тартысты өтеді деп ойлаймыз. «Әлем чемпионатына алтын алуға келдім» деген Бибосынов сөзінде тұрса дейміз.

54 келі салмақтағы әлем чемпионатының жаңалығы, ғажап боксшы Махмұд Сабырханның алтын медаль алатындығына бек сенімдіміз. Ол жапон боксшысы Томоя Цубоймен кездеседі.

57 келі салмақтағы Серік Теміржанов осы әлем чемпионатында талайға таңдай қақтырып жатыр. Жеңісті жорығын жалғастырса деген тілектеміз.

Жалпы төрт боксшымыздың да қарсыласы аса бір керемет боксшылар емес. Алтын жүлде алуға бәрінің мүмкіндігі бар.