21 Ақпан, 2014

Ынтымақтастық меморандуммен бекіді

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Абу-Дабиде өткен кездесулер мен келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық медиа кеңесі арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттың мақсаты – ақ­па­раттық жұмыстар барысында ұзақмерзімдік және тұрақты не­гізде өзара мәліметтер және тәжі­рибелер алмасуды қамтамасыз ету. Қазақстан мен БАӘ ара­сын­дағы достық қарым-қатынастың не­гізінде тараптар екі елдің ақпа­раттық кеңістігінде жалпы адам­заттық, мемлекеттік және патриоттық құндылықтарды, ұлт­тық бірлікті, рухани-адамгершілік құн­дылықтарға деген құрметті, саламатты өмір салтты, ашықтық пен толеранттылықты қолдау жө­ніндегі жан-жақты өзара іс-шаралар мен халықаралық байланыстарды нығайту жөніндегі түбегейлі келісімге қол жеткізіп отыр. Орталық коммуникациялар қызметі мен Ұлттық медиа кеңесі тақырыптық іс-шаралар, семинарлар мен курстар, бірлескен зерттеулер ұйымдастырады және екі жақ та мүдделі ақпараттық бағдарламаларды жүзеге асырады. Абу-Дабидегі Қазақстан елші­лігінің қолдауымен, Қазақстан тарапынан меморандумға Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Ержан Бабақұмаров, әмірлік тарапынан – БАӘ Ұлттық медиа кеңесінің директоры Иб­раһим Әл Абед қол қойды.