Саясат • 05 Қараша, 2021

Украинадағы ауыс-түйіс

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина Жоғарғы Радасы 4 қараша, бейсенбі күнгі отырысында төрт министрдің кандидатурасын мақұлдады, деп хабалайды Egemen.kz.

Украинадағы ауыс-түйіс

Украинаның қорғаныс министрі болып Алексей Резников тағайындалды. Экономика министрлігін Юлия Свириденко басқарады, Павел Рябкин стратегиялық өнеркәсіп министрі болды, ал Ирина Верещук Украинаның бақыланбайтын аумақтар министрі болды.

Халық қалаулыларының басым бөлігі кандидаттарды қолдайтынын білдірді. Алексей Резников Киев пен АҚШ және НАТО арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін айтты.

Сондай-ақ Украина Қорғаныс министрлігінің басшысы Ұлыбритания, Канада, Польша және Түркиямен ынтымақтастықта үлкен перспективалар көріп отырғанын атап өтті.