Бокс • 05 Қараша, 2021

AIBA Махмұд Сабырханның шеберлігіне тамсанды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) 20 жасар қазақ боксшысы Махмұд Сабырханның шеберлігіне тамсанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

AIBA Махмұд Сабырханның шеберлігіне тамсанды

54 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген қазақ оғланы Махмұд Сабырхан жартылай финалдық бәсекеде үнді боксшысы Акаш Кумарды жеңіп, әлем чемпионатының финалына жолдама алған болатын. Аталған жекпе-жек аяқталғаннан кейін Халықаралық бокс қауымдастығы өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында төмендегідей жазба қалдырды.

«Қолын төмен түсіріп жүріп бокстасқан қазақ жігітінің соққылары найзағайдай жылдам», деген AIBA басшылығы оның кездесуінен бейнеүзінді келтірген.