Қоғам • 05 Қараша, 2021

Құқық қорғаушылардың мәртебесін анықтау мәселесі талқыланды

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе» жобасын іске асыру шеңберінде қызметтері адам құқықтарын қорғауға бағытталған ҚР АҚДМ, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР ӘМ, ҚР ІІМ, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық және ҮЕҰ өкілдерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құқық қорғаушылардың мәртебесін анықтау мәселесі талқыланды

«Біз осы саладағы жағдайды жақсарту үшін үкіметтік емес сектордың құқық қорғаушылар қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарын тыңдауға жиналып отырмыз. Бүгінде Қазақстанда 22 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген, оның ішінде 632-і өздерінің жарғысына сәйкес құқық қорғау қызметін жүзеге асырады.

Құқық қорғаушылар – елімізде бейбіт және әділ қоғам үшін жұмыс істейтін адамдар. Олардың қызметі құқықтық қорғауды қажет етеді», деді Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет.

Сондай-ақ келіп түскен барлық ұсынымдар мен ұсыныстар Президент Әкімшілігіне енгізілетінін атап өтті.

ҮЕҰ заңнамаға, соның ішінде халықаралық құжаттарға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, ҮЕҰ құқық қорғаушылардың мәртебесін заңнамалық анықтау мәселесін көтерді.

«Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанның Азаматтық Альянсы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылуда.