21 Ақпан, 2014

Жемісті қызметке алғыс

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Босқындар істері жө­нін­дегі Жоғарғы Комиссары Бас­қармасының Орталық Азиядағы аймақтық өкілі Сабер Азамды оның өтініші бойынша қабылдады. Миссиясын аяқтап жатқан С.Азам өзінің Орталық Азиядағы қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті және босқындар туралы Қазақстан заңнамасын одан әрі жетілдіру туралы ойларын ортаға салды. Сенат Төрағасы жемісті қызметі үшін С.Азамға алғыс айтып, Қазақ­стан мен БҰҰ БЖКБ арасындағы ын­ты­мақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.