21 Ақпан, 2014

«Нұр Отандағы» өзгерістер

249 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
999-1Партияның идеология мәселелері жөніндегі хатшысы болып Құмар Ақсақалов тағайындалды Құмар Ақсақалов Мәс­кеу ауыл шаруашылығы өн­ді­рісінің инженерлері институтын тәмамдаған, экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары Қостанай облысы аудандарында әкім, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің мем­лекеттік инспекторы, Жамбыл облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер және идеология жө­ніндегі орынбасары қыз­меттерін атқарған. 2010 жылдан бері – «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының басшысы, Саяси кеңестің мүшесі. Идеология жөніндегі жа­ңа хатшыны таныстыра ке­ле, «Нұр Отан» партиясы Төра­ғасының бірінші орынбасары Б.Байбек партия Төрағасының тапсырмасы бойынша «Нұр Отанның» аймақтардағы қыз­меті артып, партия жұмысы «жо­балық вертикаль» бойын­ша жасақталып жатқанын атап өтті. «Құмар Ақсақаловтың ау­дан­дық деңгейден Президент Әкімшілігіне дейінгі түрлі мемлекеттік жұмыс тәжірибесі оның қойылған міндеттер биігінен көрінуіне мүмкіндік бере­тініне сенемін. Бұл тағай­ын­дауды атқарылған жұмысқа берілген жоғары баға деп санаймын», деді Б.Байбек. 777Партияның Орталық аппаратының басшысы болып Әсел Жүнісова тағайындалды Әсел Жүнісова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жапонияның Жоғары мемлекеттік басқару мектебін тәмамдаған, экономика ғылымдары және мемлекеттік басқару магистрі. Әр жылдары мұнай-газ саласында, Стратегиялық жоспарлау агенттігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, «ҚазТрансГаз» АҚ-та, «Сам­ғау» Ұлттық ғылыми-техно­логиялық холдингінде және «Оңтүстік» ӘКК-де жұмыс істеген. 5 жылға жуық Қазақ­стан Президенті Әкімшілі­гінде сектор меңгерушісі, кейін Стратегиялық зерттеу­лер және талдау орталығы мең­герушісінің орынбасары болып қызметтер атқарды. 2013 жылғы наурызда «Нұр Отанның» Орталық аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалған, партия Саяси кеңесінің мүшесі. Орталық аппараттың жа­ңа басшысын таныстырған Б.Бай­бек партия мүшелерінің 60%-ы, ал «Нұр Отанның» Сая­си кеңесінің өкілетті орга­нында 30%-ы әйелдер екенін атап өтті. «Әсел Жүнісова «Нұр Отан­дағы» басшылық лауа­зым­ға тағайындалған тұң­ғыш әйел болып отыр. Бұл пар­тия Төрағасы тарапынан үл­кен сенімді білдіреді. Бұл тағай­ындауды билік партиясының, сонымен қатар, қоғам мен мемлекет жұмысында әйелдердің маңызды рөліне деген құрмет деп қабылдаймыз», деп атап өтті Б. Байбек.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20