Оқиға • 08 Қараша, 2021

Алматыда бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберген

3487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы «Латифа» тұрғын үй кешенінде қызды өлтіріп, артынан өртеп жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберген

Бұл қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралды.

Полиция департаменті кісі өлтіру фактісін растады.

«Аталған факт ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген және Медеу аудандық ПБ іс жүргізуде. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жеке басы анықталған күдіктіні ұстауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде», деп атап өтті полицияда.

Сонымен қатар ПД жәбірленушінің жеңіл мінез-құлықты әйел екендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталуда.