22 Ақпан, 2014

Берік қорған, алтын арқау

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Ағаш тамырымен мықты, адам дос-жарымен мықты». Мем­лекеттер арасындағы эконо­микалық және мәдени байла­ныстардың мысалы да сол сияқты. Ежелгі елдердің өз шекараларын қалың қамалмен қоршап алатын заман келмеске кетті. Ендігі жерде өзара достық пен сыйластық қана кез келген мемлекеттер ара­сын­дағы берік қорған, алтын арқау бола алады. Кедендік статистика мәлі­мет­тері бойынша сыртқы сауда айналымы өңірде 2013 жылдың қаңтар-қарашасында 548,7 миллион АҚШ долларын немесе 2012 жылдың тиісті кезеңінде 120,1% құрады. Оның ішінде экспорт – 155,7 миллион АҚШ доллары, ал импорт – 393,0 миллион АҚШ доллары болды. Кедендік одақ шеңберінде 2013 жылдың қаңтар-қарашасында облыста Ресей мен Беларусь ел­дерімен сауда айналымы 66,6 мил­лион АҚШ долларын құраса, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңінен 43,9-ға кем. Ресей – 55, 4 миллион АҚШ доллары, Беларусь – 11, 2 миллион АҚШ доллары. Оның ішінде экспорт – 13,8 мил­лион АҚШ доллары, импорт – 52,8 миллион АҚШ доллары. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев алдағы уақытта аталған мемлекет­тер арасындағы бірлескен кәсіп­орындардың саны мен сапасын арттыра отырып, сыртқы сауда-саттықтың табысын бұрынғыдан да ұлғайта түсуді мақсат етіп отыр. Облыста 2013 жылы бөлшек сауда айналымының көлемі 146,2 миллиард теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 30,8%-ға өсті. Көтерме сауда айналымы 192,7 миллиард теңгеге жетіп, 24,4%-ға көтерілді. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.