Коронавирус • 09 Қараша, 2021

Балалар мен жасөспірімдерге де вакцина салынады

7118 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Етіміз үйреніп кеткендіктен бе, коронавирус инфекциясына назар аударуды қойдық. Санитарлық талаптарды сақтауды да ұмыттық. Алайда індеттің беті қайтқан емес. Облыс бірде «қызыл», бірде «сары аймаққа» енеді. Соңғы тәулікте індет жұқтырған 64 адам тіркелген.

Балалар мен жасөспірімдерге де вакцина салынады

Аты жаман індеттен қор­ғанудың бірден-бір жолы екпе алу деседі ақ халаттылар. Бір жағынан барлық мекемеге Ashyq жобасы орнатылғандықтан, «жа­сылы» жанбағандарды, яғни екпе алма­ғандарды кіргіз­бейді. Бірақ сани­тарлық-эпи­демиялық бақылау коми­теті «Атамекен» ҰКП мен өңір­лік денсаулық сақтау басқар­маларына медициналық рұқса­ты бар азаматтарды демалыс күн­дері мекемелерге кіргізу туралы ресми ақпарат жіберді.

Бас санитарлық дәрігер­дің қаулысы­на сәйкес пайдалану­шыға Ashyq мобильді қосым­шасында тұрақты медицина­­лық анықтамасы болса, «жасыл» мәртебе беріледі екен. Айта кетерлігі, «жасыл» мәрте­бені көр­сету үшін мұндай анық­тама­ларды автоматтандыру мәселесі қай­та қаралып жатыр.

– Денсаулық сақтау ми­нис­тр­лігінің мәлімдеуінше, соң­ғы уақытта «көк» мәр­­тебелі аза­маттардың медициналық рұқ­­саты бола тұра демалыс күндері кә­сіпкерлік объектілеріне кіруге рұқсат жоқ еді. Осыған байланысты ве­домство әкімшілікке тұрақты медициналық анықтаманы көрсеткен кезде азаматтарды сау­да мекемелеріне уақытша жібе­руге рұқсат беру туралы ше­шім қабылдады, – деді облыстық Кәсіп­кер­лер палатасының дирек­торы Қайрат Мамырбаев.

Ал денсаулығы сай болса, ересек­термен қатар балаларға, жүкті әйел­дер­ге де коронавирусқа қарсы вакцина салын­бақшы. Бұл туралы Шығыс Қазақ­стан облысында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Қазіргі уақытта Шығыс «са­ры аймақ­та» болғанымен, эпи­де­миялық жағ­дай ушығып тұр. Сырқаттардың көбі – Се­мей және Өскемен қалаларында. Қа­уіпті дерт балаларды да айналып өтіп жатқан жоқ. Са­нитарлық-эпидемия­лық талаптар­дың қатаң сақта­луына қара­мас­тан, білім басқармасының мәлі­­метін­ше, оқу жылының басынан бері өңірде дәстүрлі форматта оқу кезінде оқушылар ара­сында аурудың 660 жағдайы тіркелді. Қазір 586 оқушы сауы­ғып, әдеттегі оқу режіміне орал­ды. Алайда облыстың 55 мек­тебінде 108 сынып әлі күнге дейін қашықтан оқытылуда.

Облыстың дәрігерлері мен эпиде­миологтері барлық шектеуден шығу­дың жалғыз жолы инфекцияға қарсы вакцина алу және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру деп есептейді.

2021 жылғы 20 қазанда Қа­зақ­станның Бас мемлекеттік сани­тарлық дәрігері қаулы шы­ғарғаны белгілі. Соған сәй­кес Pfizer Comirnaty препа­ратымен вакциналау жүр­гізу жөніндегі әдістемелік ұсы­ным­дар бекітілді. Бұл вакци­намен 12 жас­тан асқан жасөс­пірімдерді, сондай-ақ лактация кезінде жә­не жүкті әйелдерді егу жоспарлануда.

Процедураның қалай өтетіні туралы баспасөз конференциясында Шы­­ғыс Қазақстанның бас педиатры Гүл Құса­йынова айтып берді. Оның айтуын­ша, балалар мен жүкті әйелдерді вак­циналау осы қарашадан басталады. Әйелдер өз денсаулығын қорғап, жүктіліктің 16-дан 37-ші аптасына дейін ерікті вакциналау процедурасынан өте алады. Өз кезегінде жасөспірімдерді иммундау ке­зең-кезеңмен жүр­гізіледі. Бірінші кезеңде 16-18 жас аралығындағы жас­өспі­рім­дер коронавирус вакцинасына қарсы вакцина ала алады. Келесі кезеңдерде вакциналауға 12 жастан 15 жасқа дейінгі балалар жіберіледі.

Облыстың бас педиатры атап өт­кен­дей, балаларды вакциналау ата-ана­ларды немесе заң­ды өкілдердің ақпараттандырыл­ған келісімі болған жағдайда ғана жүргізіледі. Қазіргі уақытта об­­лыстың медициналық ұйым­­да­­рында иммундауға жататын жас­өс­пі­рім­дердің тізімін жасау бойынша жұмыс басталды.

– Медицина қызметкерлері қазір мектептерде жасөспі­рім­дердің ата-аналары арасын­да пандемия жағдайында коро­навирусқа қарсы егу­дің маңыз­ды­лығы туралы ақпа­рат­тық-түсіндіру жұмыстарын жүр­гізуде. Вакциналау балалардың ауруға қарсы тұруларына иммунитет қалыптастырады, – дейді Гүл Құсайынова.

Сонымен қатар ол вакцина­лау процедурасынан өтпес бұрын ағзада коронавирус ин­фекциясы мен вирусқа антиде­нелердің болуына тексеру жүр­гізудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Covid-19 індетімен ауырған жасөспірімдер сауық­қаннан ке­йін алты айдан кейін про­це­дураға жіберіледі.

– Егу алдында балаларды дәрігерлер толықтай тексереді. Егер иммундау­ға қарсы көр­сетілімдер болмаса, балаға рұқ­сат беріледі. Вакцина алу­ға қарсы көрсетілімдердің қа­та­рына белсенді затқа неме­се вакцинаның басқа компо­нент­теріне аллергияның болуы. Сон­дай-ақ полиэтиленгликольге ауыр аллер­гиялық реакциясы жатады, – деп атап өтті об­лыстың бас педиатры.

Ескерте кетерлігі, Pfizer Co­mir­naty препаратымен вакци­налау екі ке­зеңде жүргізіледі. Вакцинаның екінші компоненті алғашқы егуді алғаннан кейін 21 немесе 28 күннен соң алынады. Екпені білікті мобильді бригадалар жүргізеді.

 

Шығыс Қазақстан облысы