Әлем • 09 Қараша, 2021

Сарапшы: Державалар арасында соғыс болуы мүмкін

5929 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік державалар арасындағы соғыс АҚШ пен Қытай арасындағы қақтығыс шиеленіскен сайын мүмкін болып отыр. Бұл Еуропаға таралуы мүмкін. Ол туралы Фридрих Эберт атындағы Қор Басқармасының төрағасы, Еуропарламент пен ГСДП-ның бұрынғы басшысы Мартин Шульц айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарапшы: Державалар арасында соғыс болуы мүмкін

«Қақтығыстың шиеленісуі әлемдік державалар арасындағы қарулы әрекеттердің басталуына әкелуі мүмкін, соғыс оты тұтанып кетуі ықтимал», деді ол.

Оның айтуынша, біз қазір «қауіпті кезеңдерді» бастан өткеріп жатырмыз, оған қарсы елдер сыртқы тәуекелдерді азайтуға және ішкі тұрақтылыққа қол жеткізуге тырысады, нәтижесінде өз позицияларын қорғау қажеттілігі туындайды.

Ол Еуропа тарихында мұндай кезеңдер болғанын және нашар аяқталғанын, жойқын соғысқа апаратын сценарий елдердің мүддесіне сай еместігін сөз етті. Бірақ, Қытайдың трансатлантикалық кеңістікте АҚШ-пен бәсекелес екендігін, мұның да жағдайға әсер ететінін тілге тиек етті.

«Көптеген адамдар үшін бұл жағдай Еуропаға қарағанда анағұрлым маңызды болып көрінеді. Алайда Азиядағы қақтығыс Еуропаға тікелей әсер етеді және қақтығыс біздің аймаққа таралуы ықтимал. Сондықтан ЕО мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасындағы проблемалар Ресей мен Германияның ынтымақтастығына кедергі болмауы керек», деді ол.