Аймақтар • 10 Қараша, 2021

ШҚО-да аю аулаған азамат ұсталды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз аю аулау фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да аю аулаған азамат ұсталды

Биыл 20 қазан мен 19 қараша аралығында облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды анықтау және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

ШҚО полицейлері 3 қарашада Алтай ауданының 45 жастағы тұрғынын анықтады. Ол Тұрсұғын ауылының маңынан аю ұстаған. Оның етін өзі пайдаланып, ал терісін одан әрі сатуға ниеттенген.

Тәртіп сақшылары аталған азаматты ұстады.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта келтірілген шығын сомасы анықталуда. Осы баптың санкциясымен үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген», деді ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 200-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді, онда 420 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық, оның ішінде 276-ы аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін анықталды. Сонымен қатар бес браконьер анықталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.