Әлем • 10 Қараша, 2021

Польша-Беларусь шекарасындағы көліктер кезегі 25 шақырымға созылды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кузницадағы өткізу пункті жабылғаннан кейін Польша-Беларусь шекарасында жүк көліктерінің үлкен кезегі пайда болды. Бұл туралы Польша шекара күзеті Подляск комендатурасының баспасөз хатшысы Катажина Зданович мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Польша-Беларусь шекарасындағы көліктер кезегі 25 шақырымға созылды

Бұған дейін поляк шекарашылары Варшава 9 қарашадан бастап мигранттарға байланысты Беларуспен шекарадағы өткізу пунктін жабатынын хабарлады. Барлық жүк көлігі басқа өткізу пункттеріне жіберілетіні айтылды.

«Менің ақпаратым бойынша, Бобровниктегі шекара өткелінде күту уақыты 39 сағат болады», деді Зданович.

Оның айтуынша, қазір кезек шамамен 25 шақырымға созылған.

Бұған дейін Польша Ұлттық Ассамблеясының төменгі палатасы заңсыз көші-қоннан сақтану үшін Беларуспен шекарада қоршау салу туралы шешім шығарғаны хабарланған. Польшаның Ішкі істер және әкімшілік министрі Мариуш Каминский Беларусьпен шекарадағы қозғалысты бақылау, анықтау жүйесімен жабдықталған қоршау салынғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Польша Қорғаныс министрлігі босқындар лагеріне Беларусь қауіпсіздік күштері жақындап келе жатқанын мәлімдеді. Польша Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шекарада 12 мың әскери, 4 мың шекарашы, 1,5 мың полиция қызметкері және терроризмге қарсы бөлімшенің 250 қызметкері орналастырылған. Поляк тарапы шекарада естілген атыс көрші жақта екенін айтқан еді.