Аймақтар • 10 Қараша, 2021

Жүк көлігі көктайғақта аударылып, өртенді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысындағы автожолда қиыршық тас артқан КамАЗ жүк көлігі аударылып, өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүк көлігі көктайғақта аударылып, өртенді

Бүгін Тайынша ауданы Обуховка елді мекені маңындағы автожолда КамАЗ аударылып, көліктің кабинасынан өрт шықты. Жол-көлік оқиғасы бейнеленген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Апатқа көктайғақ себеп болған. Бүгін түнде СҚО-да қалың қар жауып, оның арты көктайғаққа ұласқан еді. СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жайында бүгін сағат 9:56 минут кеткенде хабар түскен. Қоңырау шалғандар «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автомобиль жолында КамАЗ көлігінің аударылып, жанып жатқанын айтқан. Көмекке жақын маңдағы Келлеровка елді мекенінің өрт сөндірушілері жетті. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Жол-көлік оқиғасы жайында СҚО полиция департаменті де түсінік берді. Мамандардың айтуынша, қолайсыз ауа райына байланысты жүргізуші рульге ие бола алмай, көліктің аударылып қалуына жол берген. Соның салдарынан жүк көлігінен от шыққан.