25 Ақпан, 2014

Ақпараттар ағыны

158 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
● Елімізде демо­гра­фия­лық зерттеулер орта­лы­ғы құрылады. Ол бойынша атқарылатын жұмыстар пы­сықталу үстінде. ● Республиканың автожолдарында өткен тәулікте 583 адам қар құрсауынан шығарылды. Оның ішінде 34 жасөспірім бар. ● Астанада келер жылы ЭКСПО-2017 алаңын жылумен қамтамасыз ететін магистраль салынады. Бас шаһардың солтүстік-батысы мен оңтүстік-батысы аралығына салынатын бұл құбырдың ұзындығы 21,5 шақырым құрайды. ● Қазіргі кезде елімізде 3 351 нотариус қызмет жасайды. Ал адвокаттардың саны 4,5 мыңға жуықтаған. ● «Талдықорған – Ал­ма­­ты» тасжолының құры­лысы келер жылы аяқ­та­лады. 130 млрд. теңге бө­лінген жұмыстың аясында Қапшағай өңіріне дейін алты жолақты жол салу көзделген. ● Биыл Ақмола об­лы­сында үдемелі индус­трия­лық-инновациялық бағ­дарлама аясында 11 нысан іске қо­сылады. Соның ішінде күкірт қышқылы зау­ыты да бар. ● Шымкент қаласында өткен жылы 3 млрд. теңге бөлініп, 13 шағын ауданға газ құбыры тартылған. Осы жұ­мысты алдағы мерзімде де іске асыру жоспарлануда. ● Павлодар облы­сын­дағы мұнай-химия зауы­ты­на энергия менед­ж­мен­ті жүйе­сіндегі сәй­кестік сер­тифи­ка­ты берілді. Зауыттың іш­кі құрылымы өткен жылы талап­қа сай жаңартылған болатын. ● Орал қаласындағы Назар­баев зияткерлік мек­те­бін­де алғашқы әлемдік ро­бот техникаларының олим­­пиадасы өткізілді. Оған еліміздің 15 қаласынан оқу­шылар қа­тыс­ты. ● Ақтау қаласында ба­ға­ны тұрақтандыру үшін жергілікті сауда кә­сіп­орындарының жәрмеңкесі өткізілуде. Бұл игілікті бас­тама апта сайын жалғасын тауып отыр. ● Қарағанды облысында «Болашақтың эргономи­касы» деп аталатын халық­аралық байқау жарияланды. Ол баламалы энергия көзін дамытуға бағытталған.

Egemen.kz хабарлары мен облыстық әкімдіктер сайттарының материалдары бойынша дайындалды.