Әлем • 11 Қараша, 2021

Түркіменстан Президенті тапаншадан ату шеберлігін көрсетті

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов атыс қаруынан мергендік шеберлігін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркіменстан Президенті тапаншадан ату шеберлігін көрсетті

Түркіменстан басшысы әскери және құқық қорғау органдарының шаруашылық бөлімін құру жұмысын тексеру мақсатында Ашхабад маңындағы аудандардың біріне барған сапарында тапаншадан оқ ату шеберлігін көрсетті. 

Түркіменстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы атыс алаңында болып, тапаншадан нысанаға оқ атты. 

«Атыс алаңында мемлекет басшысы нысанаға бірнеше рет оқ жаудырып, барлық оқтар нысананың ортасына тиді, бұл ұлт көшбасшысының жоғары шеберлігін айғақтайды», делінген Түркіменстан телеарнасының хабарламасында. 

Гурбангулы Бердімұхамедов спорттың әскери қолданбалы түрлерімен айналысу барлық жеке құрамға қажетті талап саналатынын және жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындауға көмектесетінін атап өтті. 

Дәстүр бойынша Бердімұхамедов нысанаға қолтаңба қалдырды. Президент құқық қорғау органдарының басшыларына қарудың алуан түрінен мергендік шеберлігін ұдайы көрсетіп келеді. Мәселен, 2019 жылғы маусымда өткен әскери оқу-жаттығуларда Түркіменстан басшысы велосипедпен ат үстіндегі тапаншадан нысанаға дәл атуды көрсеткен еді.