Медицина • 12 Қараша, 2021

Цитологияда сұранысқа ие сұйықтық

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық ғалымдар жатыр мойны обырын кешенді диагностикалайтын ерітінді жасап шығарды. Бұл – екі жыл бойғы зерттеудің нәтижесі. Цитология саласында сұранысқа ие аталған сұйықтықтың құрамын С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің зерттеушілері сауықтыру орталығының өкілдерімен бірлесе әзірлеген.

Цитологияда сұранысқа ие сұйықтық

Мұндай ерітіндіні Қазақ­стан бұған дейін шетелден алдырып келген. Енді оның орнын басатын отандық өнім бар. Ғалымдардың осы жа­ңалығы медициналық қыз­мет­тің құнын төмендетуге мүм­кіндік береді. Өйткені бұл қаржылық жағынан да, геог­рафиялық жағынан да қол­­жетімді бола түспек. Өнім­­ді әзірлеушілердің ай­туын­­ша, ерітіндінің сапасы ше­телдік аналогтардан кем түс­пейді.

С.Аманжолов атындағы Шы­ғыс Қазақстан универ­си­теті Ұлттық ғылыми зерт­ха­насының кіші ғылыми қыз­мет­кері Айдана Имашева: «Ға­­лымдарымыздың жасап шы­ғарған туындысы импорт­ты алмастыру мәселесін шеше­ді. Осы зерттеудің нә­ти­­же­сінде биоматериалды сақ­­тауға арналған бекітуші ері­тін­дінің оңтайлы құрамы жасалды. Бұл биоматериалдарды тұрақтандыруға және та­сымалдауға мүмкіндік бе­ре­ді. Яғни онкологиялық ауруды одан әрі диагностикалау үшін жатыр мойнына жақпа ретінде пайдаланылады. Бұл әзірлеменің бірегейлігі – қа­тер­лі ісікті тез диагностика­лау мәселелерін кешенді түр­де шешу», деді.

Ғалымдар тобы өздері әзір­ле­ген бекітуші ерітіндіге па­тент алғанын айта кету керек. Сөйтіп, бұл өнім Қазақ­стан Республикасының дә­рі­лік заттар мен меди­ци­на­лық бұйымдар тізіліміне енгі­зіл­ді. Қазіргі таңда жоба ком­мерцияландыру сатысында. Сонымен қатар ғалымдар бас­қа да биологиялық материалдарды сақтау ерітіндісінің құ­ра­мын жақсарту барысында жұмыс істеуде.