«11 қараша күні 2578 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 061, II компонентін – 1517 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 11 қараша аралығында қалада 1 008 015 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 958 538 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 121 498 адамның жасы 60-тан асқан», деп хабарлады басқармадан.
Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.
«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.