Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры – шығармашылық ұжымы ауқымды, бірнеше буындағы өнер шеберлерінің қалың шоғырын қалыптастырған, Қазақстанның музыкалық орындаушылық өнерінің әлемдік мәдениетке қосқан бірегей үлесін көрсететін түрлі кезеңдердегі, бағыттардағы стиль мен жанрларының үйлесімінен тұратын, ұлттық және әлемдік опера мен балет туындылары репертуарынан берік орын алған дәстүрге бай Қазақстанның жетекші театры. 1934 жылы негізі қаланған театр тарихы елдің атын төрткүл дүниемен таныстырған өнер корифейлерінің, белгілі сахна майталмандарының есімімен тығыз байланысты өркендеп келеді.

Осыдан 80 жыл бұрын, 1941 жылдың қарашасында театр жаңа ғимаратқа қол жеткізді. Бүгінде шаһардың ең көрікті ауданында асқақтап тұрған өнер ошағы Алматыдағы бірегей сәулет ескерткіштерінің тобына кіреді. Еуропа архитектурасы үлгісінде салынған классикалық өнер ошағы көптің көңіл төрінде ең алдымен осы еңселі ғимаратымен қонақтап қалған. Опера мен балет өнерінің қалыптасып, қанат жаюына байланысты театр дамуының әртүрлі кезеңдерінде оның айдентикасы да өзгеріп отырды. Замана өзгерісіне орай әртүрлі айдентиканы уақыт рухына сәйкес келетін бірыңғай стильге бағындыру және оның белгісінде театрдың бай мұрасын көрсету мәселесінің туындауы – қалыпты заңдылық.
«Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры – алғашқы қазақ опералары мен балеттерінің бесігі, әртістердің, композиторлардың, дирижерлердің, суретшілер мен режиссерлердің альмаматері болып табылатын Қазақстанның кәсіби музыкалық өнерінің нағыз символы. Алғаш ХХ ғасырдың 30-жылдары музыкалық студия ретінде пайда болған Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры биыл 88-маусымының шымылдығын түрді. Театр біртіндеп жүзжылдық мерейтойына қарай қадам басып келеді. 1941 жылы театр өзінің жеке ғимаратын алғаннан кейін өнер ордасы үшін маңызды саналатын «академиялық» мәртебеге ие болды. Бүгін, 80 жылдан кейін Абай атындағы ҚазҰОБТ өзінің тарихи ғимаратында жаңа «Ұлттық» мәртебесін иеленді. Өмір бір орында тұрмайды, біз белсенді түрде алға жылжи береміз және уақытқа сай дамып отыруды мұрат тұтамыз», – дейді театр директоры міндетін атқарушы Таир Қаратаев.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен театр Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры болып қайта аталды. Театр өміріндегі бұл маңызды оқиға визуалды стильді өзгертуге түрткі болды, енді еліміздің бас театрында ғимараттың бірегей сәулетін баса көрсету арқылы тарихқа тұспал жасаған жаңа заманауи логотип пайда болды. Өнердегі осы елеулі оқиғаға орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында сөз алған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шахмардан Әбілов, балет труппасының жетекшісі Гүлжан Түткібаева театрдың өткен күнінен қызықты сыр шертіп, тарихты жаңаша безбендеген логотип үшін жүрекжарды қуанышын білдірді.
Логотип қызыл және қара түстен тұрады. Себебі театр тарихына көз жүгіртсек, алпыс, жетпіс жыл бұрынғы спектакль афишалары осы екі түсте ғана дайындалатын. Ал ABAY деген жазу ұлы шайырдың алғашқы өлеңдері басылып шыққан баспаның арабша стильдегі ирек қарпінің үлгісімен үйлестіре таңдалған. Театрдың ұлттық маңызы ескеріле отырып, жаңа логотип өзегінен ескі тарихқа құрмет осындай ізденістермен байытылып, көрініс табады. «Жұмыс бір жарым жылға созылды: біз мұрағат материалдарын тынымсыз зерделедік, көптеген ескі афиша мен жазбаны ақтардық, дизайнерлеріміз ғимараттың сәулетін кірпішіне дейін зерттеп, театрдың әр бұрышын суретке түсірдік», дейді өз жұмысының қыр-сырымен таныстырған SEED агенттігінің креативті директоры Наиль Муратов. Сонымен қатар тағы бір міндет ғимараттың бірегейлігі мен сұлулығын, оның ұлттық ерекшеліктерін жеткізу болды – театр жиі гастрольге шығады, сондықтан логотипті шетелдік қауымның қабылдауына сәйкестендіру маңызды болды. Сөйтіп ғимараттың сыртқы ғана емес, сонымен қатар ішкі сәулеттік бөлшектерінен шабыт алатын әдемі шешім табылды. Ғимараттың ішкі ерекшеліктері саусақ іздері сияқты, әр деталі шебердің қайталанбайтын қолтаңбасымен көмкерілгені белгілі болды. Дәл осы архитектуралық ерекшеліктер қолдан жазылған леттерингке негіз етіп алынды. Логотиптегі әр әріп театрдың сызбасын жеткізеді. Негізгі графикалық элемент – бұл театрдың ішкі және сыртқы дизайнында жиі қайталанатын ою элементі.
АЛМАТЫ
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
СҚО-да жеті айда 129 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:53
Емханаларда көрсетілетін консультация-диагностика қызметтерінің саны артты
Медицина • Бүгін, 12:47
Жамбыл облысында героин сатқан тұрғын ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:26
Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Елордалық бес кикбоксер Ислам ойындарының финалына шықты
Елорда • Бүгін, 11:52
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Елорда • Бүгін, 11:28
Магистратураға түсуге 17 мың талапкер өтініш берді
Білім • Бүгін, 11:18
Алматыда көпқабатты үйден әйел құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:07
Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Қоғам • Бүгін, 10:53
Бірқатар өңірде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:40
Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген
Елорда • Бүгін, 10:34
Коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:27
Өскеменде жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр
Оқиға • Бүгін, 10:15
Қытайда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Әлем • Бүгін, 10:02
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:52
Мемлекет басшысы Сингапурға ресми сапармен барады
Қазақстан • Бүгін, 09:47
Юлия Путинцева Цинциннати турнирінде жеңіліп қалды
Теннис • Бүгін, 09:35
17 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:23
Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО басшылары жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 09:17
Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды
Президент • Бүгін, 09:03
Елімізде тағы 1 104 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Өнер • Бүгін, 08:33
Таным • Бүгін, 08:30
Жұқпалы індеттен абай болған абзал
Медицина • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:25
Қос ауданда өткен азаматтық қабылдау
Саясат • Бүгін, 08:23
Мемлекеттік сыйлық: Үміткерлер іріктелді
Қазақстан • Бүгін, 08:21
Саясат • Бүгін, 08:20
Саясат • Бүгін, 08:18
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Ұқсас жаңалықтар