Коронавирус • 15 Қараша, 2021

«Қызыл» мәртебесі бар 70 алматылыққа айыппұл салынды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар 70 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызыл» мәртебесі бар 70 алматылыққа айыппұл салынды

«Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 70 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі»,  деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Департамент мәліметінше, COVID-19 үшін ПТР тесті оң нәтижесін берген алматылықтар қоғамдық орындарға барып, Аshyq бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіруге тырысқан. Атап айтар болсақ, ондай мәртебесі бар адамдарға қоғамдық орындарға баруға болмайды (ХҚКО, мейрамхана, фитнес орталық, әуежай, кинотеатрлар, компьютер клубы, боулинг, автоорталық, қонақ үй, сән салоны, балабақша, мектеп-интернат, білім беру объектілері, бассейн). «Қызыл» мәртебедегі адамдар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмейді.

Санитариялық-эпидемиологялық бақылау департаменті амбулаторияда ем алып жатқан азаматтарды өзін өзі оқшаулау режимін бұзбауға және азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады. Ал жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін өзі оқшаулау режимін сақтауға және басқа адамдардың жұқтырмау үшін көп адам жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.

Сонымен қатар, Ashyq жобасының қатысушыларына Алматы қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында барлық келушіні сканерлеу қажеттілігін еске салды.