Аймақтар • 15 Қараша, 2021

ШҚО мекемелерінің жұмыс режимі өзгерді

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер сағат түнгі 03.00-ге дейін жұмыс істейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО мекемелерінің жұмыс режимі өзгерді

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Қаулыды жазылғандай, өңір бойынша карантин 28 қарашаға дейін ұзартылды.

Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

«Облыстағы объектілер өз қызметін «жасыл» аймақ үшін көзделген өлшемшарттар негізінде жүзеге асырады. «Ashyq» жобасына қатысатын мекемелер жұмыс және демалыс күндері сағат түнгі 03.00-ге дейін, ал жоба көшбасшылары сағат 05.00-ге дейін ашық болады», делінген құжатта.

Демалыс күндері мекемеге қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда ғана жұмыс істеуіне рұқсат берілген.