Аймақтар • 15 Қараша, 2021

Президент тапсырмасы: Бұқтырмадағы көпір құрылысына 50 адам тартылды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент тапсырмасы: Бұқтырмадағы көпір құрылысына 50 адам тартылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шығыс Қазақстандағы Күршім мен Көкпекті аудандарын жалғайтын «Қызыл ту» өткеліне көпір салынатыны белгілі. Бүгінде көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде.

«Айналма жол салу, геодезиялық және электр желілерін тарту бойынша жұмыстар аяқталды. Ендігі кезекте негізгі көпірді салуға қажетті уақытша көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сол жерде вахталық әдіспен 50 адам жұмыс істеуде. Жұмысшылар үшін 250 орындық жатақхана қалашығы салынған. Құрылысқа қажетті материалдар жеткілікті», деді Күршім аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы А.Қасымбаева.

Бүгінде судағы 92 метр жерге диаметрі 1000 және 1450 см болатын арнайы темір тіреулер қағылып, үсті бетон конструкциямен жабылған. Желтоқсан айынан бастап негізгі көпірдің тіреулері қойыла бастайды.

Айта кетейік, бұл Қазақстан бойынша ең ұзын көпір болмақ. Жоба бойынша оның ұзындығы 1,3 шақырымнан асады.