Технология • 17 Қараша, 2021

Студенттер smart технология көмегімен көкөніс өсіреді

470 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан және Оңтүстік Корея Республикасы арасындағы келісімге орай «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруа­шылығы базасында ашылған 1 гектар алқаптағы «Ақылды жылыжайда» жылына 450 тоннаға жуық көкөніс өсірілетін болады. Таяуда ашылған жылыжай smart технологиялардың көмегімен басқарылып, өндірістік қуатты алқапта өскен өнімдер сауда орындарына жөнелтілмек.Қазақстан және Оңтүстік Корея Республикасы арасындағы келісімге орай «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруа­шылығы базасында ашылған 1 гектар алқаптағы «Ақылды жылыжайда» жылына 450 тоннаға жуық көкөніс өсірілетін болады. Таяуда ашылған жылыжай smart технологиялардың көмегімен басқарылып, өндірістік қуатты алқапта өскен өнімдер сауда орындарына жөнелтілмек.

Студенттер smart технология көмегімен көкөніс өсіреді

Smart-жылыжай ауа райы­ның жаңбырлы, қарлы күндеріне төзімді. Мұнда ауа температурасы, ылғалдылық пен күн сәулесі смартфон арқылы бақылана­ды. Бұл өз кезегінде фермерлерге өндіріс көлемін ұлғайтып, жұ­мыс күші шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Қанатқақты жобаның әле­уе­тін университет студенттері ке­­ңі­нен пайдаланып, агротех­ни­ка­ның ­заманауи жетіс­тік­те­рін игермекші. «Ақылды жы­лы­жайдың» ашылу салтана­тына қа­тысқан Ауыл шаруа­шы­лы­ғы министрі Ербол Қара­шө­кеев мұнда еліміздің ауыл ша­руа­шылығы саласына қа­жет­ті мамандар даярланаты­нын жеткізді. Яғни оқу-тәжі­ри­бе­­лік шаруашылықта иннова­ция­лық жылыжайды пайда­ла­ну арқылы студенттер көкө­ніс да­­қылдарын өсіру техноло­гия­­сын іс-тәжірибеде игеріп, ауыл кәсіпкерлеріне smart тех­но­логиялармен байланысты ­се­­минар-тренингтер өткізіл­мек. Ал ғалымдар агротех­ни­ка­­лық, ұйымдастыру-шаруа­шылық жұмыс­­тармен қатар ғылыми-зерт­­теулер жүргізіп, кө­көніс да­­қыл­дарының әртүр­лі сұ­рпының фенологиялық фазаларына мониторинг жасайды.

Академик Тілектес Еспо­лов бүгінде еліміздің ауыл ша­руа­­шылығын дамыту үшін аг­рар­лық ғылымды өндіріс­пен бай­­ланыстыра отырып да­­мы­­ту­­дың маңыздылығын атап өтті. ­Оң­­түстік Ко­рея Рес­пуб­лика­сы­ның тәжіри­бесіндегі «ақыл­­­ды» ин­нова­циялық техно­ло­гия­­лар ар­қы­лы көкөніс өсіру әдісін отан­­дық өндіріске енгізу таяу ке­ле­шекте бұл бағытта соны сер­­піліске ықпал ететіні сөзсіз.

Инновациялық жылыжай құрылысын бастау туралы келі­сім 2019 жылы елордада өткен Қазақстан-Оңтүстік Корея бизнес-форумында жасалған болатын. Осы ықпалдастық аясын­да өткен жылы Оңтүстік Ко­рея Республикасының Ауыл шаруашылығы технология­ла­рын коммерцияландыру және енгізу қоры мен ҚазАҰУ «Агро­университет» оқу-тәжі­р­и­белік шаруашылығы база­сын­да «Ақыл­ды жылыжай» ашу ­және пай­далану туралы келісім ­жасалып, инвестицияның не­гізгі бөлігі шетелдік әріптестер ­тарапынан жұмсалып отыр.

 

АЛМАТЫ