26 Ақпан, 2014

Ғажайып аппарат

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыстық онкологиялық дис­пан­сердің материалдық-техникалық базасы тағы бір заманауи қондырғымен толықты. Медициналық мекеменің бас дәрігері Ермек Әбдірімовтің айтуын­ша, өңір республикалық қазы­наның қаражатына сатып алынған компью­терлік томограф орнатылған үш об­лыстың бірі саналады. – Бағасы 320 миллион теңге тұра­тын әмбебеп медициналық құрал-жаб­дықтың артықшылықтары өте көп. Ең басты жаңалығы ретінде күрделі обыр ауруларының диагнозын санаулы уақыт ішінде жедел әрі айна-қатесіз дәл анықтау мүмкіндігін айтар едім. Өкінішке орай, облыс обыр аурулары жөнінен елімізде алдыңғы орындардың бірінде тұрғанын ескерсек, аса қатерлі науқастардың алдын алуға, уақтылы ем-дом қолдануға үлкен септігін тигізері анық, – дейді Ермек Ғаббасұлы. Бүгінде компьютерлік томографпен жұмыс істейтін мамандар Беларусьте білімдерін жетілдіріп келді. Санаулы күндерден кейін алғашқы пациенттер тегін қабылдана бастайтын болады. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы.
Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15

Қысқы Олимпиада мәреге жетті

Олимпиада • Бүгін, 08:00