Әлем • 17 Қараша, 2021

Украинада «Дельта» штамының 11 түрі анықталды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украиналық ғалымдар елде таралған COVID-19 вирусының «Дельта» штамының 11 түрлі нұсқасын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Украинада «Дельта» штамының 11 түрі анықталды

Молекулалық биология және генетика институтының баспасөз қызметі (IMBG) Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚК) тапсырысы бойынша жүргізілген жеке зерттеуіне сілтеме жасап осындай ақпарат таратты. 

«Украинада» «Дельта» штамының 11 түрлі нұсқасы анықталды. Ғалымдар жүргізген әртүрлі зерттеулер нәтижесі осыны айқындап отыр. Аймақтардан келген, коронавируспен ауыратын науқастардан алынған сынамаларға жүргізілген соңғы зерттеулер төмендегідей байлам жасауға негіз болып тұр: Украинада SARS-CoV-2 вирусының «Дельта» штамы толығымен билік құрған.

Сонымен бірге ғалымдар АҚШ, Ұлыбритания және Еуропаның басқа елдерінен, сондай-ақ Африкадан шыққан «Дельта» штамының тағы он нұсқасын тапты», делінген институттың Facebook-тегі хабарламасында.