Аймақтар • 18 Қараша, 2021

Алматыда жаңажылдық кештер өткізуге тыйым салынды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта тұрса да жаңа жыл кештері мен отырыстарын өткізуге тыйым салынады. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жаңажылдық кештер өткізуге тыйым салынды

«Біз «қызыл», «сары», «жасыл» аймақта болсақ та, ұжымдық кештерге тыйым салынады. Бүгінгі күні вирус жұқтыру жағдайы сақталуда. Тіпті, «жасыл» аймақта болсақ та бір тәулікте 120-130 адамнан коронавирус анықталып жатыр. Егер ұжымдық шараларды өткізетін болсақ, біз бірден «сары» емес, «қызыл» аймаққа ораламыз. Біздің мақсатымыз карантин шараларын сақтауды одан әрі жалғастыру», дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол мектепке дейінгі мекемелерде де ертеңгілік өтпейтінін тілге тиек етті.

«Балабақшаларда жаңажылдық ертеңгіліктер өткізуге болмайды. Бұл топтар арасында вирус жұқтыру қаупін тудырады», деді ол.