Қаржылық мониторинг агенттігі «көлеңкелі экономикамен» күрес жүргізіп жатыр.
Атап айтқанда, іс жүзінде қызметтер де, жұмыстар да, тауарлар да ұсынбайтын «күмәнді» кәсіпорындардың қызметінің жолын кесу бойынша шаралар қабылданып жатыр. Бұл ретте бюджетке салық аудармай ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырады. Нұр-Cұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру фактісі бойынша «АйДи Строй 2030» ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Тергеу барысында Д.Құрманғожинова 2017-2018 жылдар аралығында Серіктестіктің атынан түрлі компаниялармен жалған мәмілелер ресімдегені анықталды. Нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 900 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілді.
Д. Құрманғожиноваға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.