Оқиға • 19 Қараша, 2021

Атырауда полиция қызметкері жол апатына ұшырады

766 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Лада 21214» маркалы қызметтік көлікті басқарған Ювеналды полиция тобының инспекторы екінші дәрежелі жолда келе жатып басты жолдағы Toyota Alphard көлігіне жол бермей жол-көлік оқиғасын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.

Атырауда полиция қызметкері жол апатына ұшырады

Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес екі көліктің де жүргізушісі мас болмаған және дене жарақатын алмаған. 

Полиция қызметкеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы «Жүргiзушiнiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша хаттама толтырылып, қызметтік тергеу жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір жылда 795 мың қалдық жиналды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:20