«Мен өзімнің жеңісті жорығымды жалғастыра беремін. Рекордым 31:0. Екі салмақ дәрежесінде бірде-бір мәрте жеңілістің кермек дәмін татпаған чемпионмын. Енді не істеуім керек? Ол жағын білмеймін. Бір анығы енді ешкімді жекпе-жекке шақырмаймын. Егер чемпиондар дайын болса, менімен жұдырықтасқысы келсе, Деметриусты қайдан табуға болатынын жақсы біледі. Дәл қазір мен чемпионмын», дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, жексенбінің таңында орта салмақтағы оғланымыз Жәнібек Әлімханұлы франциялық Хассан Ндам Нжикамды техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін дәл осы Андраденің міндетті қарсыласы атанған болатын.